"Жас маман-2022"
"Жас маман" жобасы аясында "Құзыреттілік орталығы" базасында 1-2 наурызда "Павлодар технологиялық колледжі" ШЖҚ КМК-да Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.
Мастер-класс тақырыбы :" Worldskills стандарттары бойынша заманауи инновациялық жабдықты пайдалану". Іс - шараға өндірістік оқыту шебері И.В.Анциферова және 2 курс студенті Мокроусова Юлия қатысты.
Мастер - класс мазмұнында қатысушыларға көкөніс сорпа-кремі, ет пен шөптермен бірге негізгі тағам, дәмдеуіштері бар ыстық балық тағамдар дайындау ұсынылды. Мастер-класс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.